Жазғы сауықтыру алаңының негізгі
мақсаттары мен міндеттері
Жазғы мектеп жанындағы лагерь оқушыларының жазғы демалысында денсаулығын нығайтып, дене тәрбиесін шыңдап, күш жинауға, білімін толықтырып жаңа әсер алуына ықпал жасайды. Белсенді түрде демалудың бұл түрі уақытша балалар ұжымының дамып, қалыптасуына әсер етеді,олар алған тәжірибесін кез келген ұжымда қолдана отырып, соңыңда оқу іс-әрекетінде де қарым - қатынас жасай алады.Еркін пікір алмасуға үлкен мүмкіндік алады. Еркін, қалыпты жағдай балалардың өз еркімен әрекет жасау қабілетін дамытуға жол ашады, белсенділігін арттырып, жеке тұлғалық қасиетін тәрбиелеуге, түрлі дағды, білім алуын қалыптастырады.
Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңейтетін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі. Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өз қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз - тәрбиешілердің оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттауда орны ерекше. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым - қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.
Лагерь жұмысын ұйымдастырудың мақсаты:
Балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалануына және сауықтырылуы мен демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау, мәдениетін, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.
Лагерьдің негізгі міндеттері:
Ø Ойын, танымдық және еңбек әрекеттері арқылы балалардың дене және рухани әрекеттерінің арасындағы айырмашылықты азайту;
Ø Оқушыларда қарым-қатынас дағдысы мен толеранттылықты қалыптастыру;
Ø Оқушылар санасында адамгершілік және мәдени құндылықтарды бекіту;
Ø Оқушылардың салауаттылық өмір салты дағдыларын бекіту, денсаулығын нығайту;
Ø Оқушыларды шығармашылық әрекет түрлеріне тарту, шығармашылық ойлауды дамыту;
Ø Мектеп пен отбасы арасындағы байланысты дамыту және нығайту;
Ø Оқушылардың лидерлік және ұйымдастырушылық сапаларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін, дербестігін және өнерлерін шыңдау;
Лагерь жұмысын жобалау мен өткізуде пайдаланылатын принциптер:
v Өткізілетін шаралардың қауіпсіздігі;
v Әр баланың тұлғалық ерекшеліктерін ескеру;
v Балалардың бос уақытты өткізу және шығармашылық әрекетте өз қабілеттерін көрсету мүмкіндігі;
Күтілетін нәтиже:
Жазғы демалыстың, сауықтырылудың, оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың пайдасын асыру;
Оқушылардың физикалық және психологиялық көрсеткіштерінің жақсаруы;
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, қоршаған ортамен, қоғаммен, және өзімен қарым -қатынасының дұрыс қалыптасуы;
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына медико-физиологиялық, әлеуметтік, психологиялық бақылауды жандандыру;
Оқушылар арасындағы достық қарым-қатынастың нығаюы;
Бекітемін:
«Шағалалы ауылының ЖОББМ»КММ-нің директоры
____________А.Айткужин
« »________2021ж
3 ауысым
«Балауса» жазғы сауықтыру алаңының жоспары
№ |
Өтілетін іс-шара |
Өтілу формасы |
Мерзімі |
Жауапты |
1 |
Лагерьдің ашылу салтанаты «Кел,танысайық» |
Салтанатты жиын |
28.06.2021 |
Тәлімгер Досжанова А.С Заводхан Р |
2 |
«Келді міне, жайдарлы жаз, Балақай, сен бойыңды жаз!» Қозғалмалы ойындар |
Флешмоб ойын |
29.06.2021 |
Тәлімгер Досжанова А.С |
3 |
Дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат ойыны Жолда жүру ережелері
Психологиялық ойындар |
Білімділер сайысы, викторина- лық сұрақтар |
30.06.2021 |
Денеш.мұғалімі Тәлімгер
Психолог |
4 |
«Қазына аралы» Дәрігер сағаты |
Ойын |
01.07.2021 |
Тәлімгер Дене шынық. мұғалімі медбике |
5 |
«Көңілді старт» |
Спорттық сайыс |
02.07.2021 |
Дене шынық. мұғалімі |
6 |
«Тәуелсіз елдің ұланымыз» |
бейнекөрсетілім |
05.07.2021 |
Досжанова А.С Заводхан Р |
7 |
Ертегілер еліне саяхат Кітаптар әлеміне саяхат |
Ертегілер қойылымы |
07.07.2021 |
Тәлімгер Досжанова А.С Заводхан Р |
8 |
«Менің туған ауылым» таза ауаға саяхат |
саяхат |
08.07.2021 |
Тәлімгер Досжанова А.С Заводхан Р |
9 |
Суретшілер күні «Қош бол менің лагерім!» салтанатты жиын «Хат қоржын» естеліктер жазу |
Асфальтке сурет салу |
09.07.2021 |
Тәлімгер Досжанова А.С Заводхан Р |
«Балауса» жазғы сауықтыру алаңының іс-шаралар жоспары
Уақыты |
№ |
Іс-шаралар |
Жауапты |
1 күн |
1
|
3 ауысым «Балауса» мектепшілік сауықтыру алаңының ашылу салтанаты |
Тәлімгер Досжанова А.С Заводхан Р. |
2 |
«Кел,танысайық» |
||
3 |
Суреттер конкурсы «Жадыраған жаз келді» |
||
2 күн |
1 |
Қозғалмалы ойындар |
Тәрбиешілер Тәлімгер |
2 |
Таза ауаға саяхат |
||
3 |
Дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат ойыны |
||
3 күн |
1 |
Би алаңында |
Тәлімгер Досжанова А.С Ақерке Абзалқызы. |
2 |
«Қазына аралы» ойыны |
||
3 |
Психологиялық ойындар |
||
4 күн |
1 |
Футбол |
Денешынықтыру мұғалімдері Медбике |
2 |
Дәрігер сағаты |
||
3 |
Сергіту ойындары |
||
5 күн |
1 |
Флешмоб |
Тәлімгер Досжанова А.С Заводхан Р. |
2 |
Ұлттық ойындар. |
||
3 |
Қуыршақ театры қойылым |
||
6 күн |
1 |
Сиқырлы суреттер |
Тәлімгер |
2 |
«Кім жүйрік» ойыны |
Дене шынық.мұғ. |
|
3 |
«Менің ауылым» саяхат |
Досжанова А.С Заводхан Р. |
|
7 күн |
1 |
Кітаптар әлеміне саяхат |
Досжанова А.С ЗаводханР. медбике |
2 |
Таза ауадағы ойындар |
||
3 |
Зиян кестерден қорғану |
||
8 күн |
1 |
«Арқан тартысу» ойыны |
Тәлімгер Дене шынық. мұғ |
2 |
«Көрермен сағаты» мультфильм тамашалау |
||
3 |
«Кім жүйрік?» |
||
9 күн |
1 2 3 |
Мен және менің отбасым «Қош бол менің лагерім!» салтанатты жиын «Хат қоржын» естеліктер жазу |
Тәлімгер Досжанова А.С Заводхан |