«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Шағалалы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Шагалалы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Саналы ұрпақ

Жалпы орта білім беретін Шағалалы ауылы мектебінде  «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық науқан  өткізілгені туралы

       2021 жылдың 19-23 қараша аралығында ЖОББ Шағалалы ауылы мектебінде  «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық науқан жүріп өтті.

        Мектеп оқушыларына бұл науқанның мән-мағынасын түсіндірген соң ақ мектеп жұмысқа кірісіп кетті. Апта бойында оқушылар  тіл мамандарының басшылығымен «Әлемді зорлық зомбылықсыз қалай құруға болады?» деген тақырыпта өте қызықты да мәнді оймен жазған эссе, шығармаларын тапсырды.

       21-22  қараша күндері барлық сынып жетекшілер өз сыныптарында «Зорлықтың алдын алу» тақырыбында  сынып сағаттарын өткізіп, әңгімелер жүргізді.  Балалар өз бастарында қиын жағдай  болғанда және сол жағдайдан шығу жолдарын іздестіруде не істеу керек екендігі туралы мағлұматтар алды. Өз ойларын ортаға салып бір-біріне ақыл-кеңестер беріп әңгімелесті.

      22 қарашада  аға тәлімгер Шаденова Г.Б. «Зорлық – зомбылықсыз әлем»  тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырып, мектеп фойесінде оқушылар салған суреттерін ілді. Оқушылар өздерінің  нашаға, алькогольге, темекіге деген ойларын қағаз бетінде әсерлі де мазмұнды көрсете білді.

       23 қараша  АӘД мұғалімі  Ильясов Ж.Г.оқушыларды мектеп жиылыс залына жинап «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» деген   тақырыпта слайд призентация, видеолар қолдана отырып үлкен іс-шара жүргізді. Оқушылар бұл жиналыстан үлкен әсер алды.

      Апта соңында 11 сынып оқушылары яғни «Жауқазын шаңырағының» мүшелері мектеп оқушыларынан сұрақ-жауап арқылы ойларын білді. Осылайша мектебіміздің оқушыларын  «Әлемді зорлық зомбылықсыз қалай құруға болады?» деген сұраққа жауап іздедік.

                                                                                                             

  

 

 

                                   

 

 

                                                                                 

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 05.04.2019 15:22
Құрылған күні: 21.08.2022 17:11

Текст