«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Шағалалы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Шагалалы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп психологының кеңестері

"Жүктіліктің алдын алу" қыздар арасында дөңгелек үстел


             Мектептегі оқушы қыздарымыздың арасында бұл тақырыпта бірнеше іс-шаралар атқарылды. Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын-алу немесе қыз бала тәрбиесіне қатысты оқушы қыздардың арасында «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда оқушыларға ерте жүктіліктің салдары қандай болады; оның адам өміріне тигізетін келешектегі қауіп-қатері қандай; тағы басқа да осындай үлкен сұрақтың төңірегінде әңгіме қозғалды. Оқушылардың да бұндай әңгіме төңірегінде ой қозғайтыны анық, олардың тарапынан сұрақтар мен пікірлер өте көп болды. Осы жұмыстың төңірегінде орта мен жоғарғы сынып қыздарының арасында сауалнамалар жүргізіліп, оған арнайы мамандардың жауабымен мысал келтірілді. Мысалы: қыз балаларға төмендегідей сұрақтар қойылды: 
        Жасөспірім қыз алғаш рет гинекологқа қай жастан барып қаралуы қажет?

        Дәрігерге келген жасөспірім қыздарды қалай тексересіздер?

        Жоғарыда жасанды түсік жасатушы жас қыздар жылдан-жылға көбейіп отырғанын айттық. Сол жасанды түсік қыз баланың болашағына қаншалықты балта шабады?

         Ұрпақ өрбіте алмай қалудан басқа денсаулығына келтіретін кінәраты қай дәрежеде? 
        Қыздар неше жаста жыныстық тұрғыда толық жетіледі? Дені сау баланы дүниеге әкелу үшін қыздың 
қабілетті жасы қанша?Ерте жүктіліктің алдын алу үшін қыз бала қандай әрекет жасау керек? 
деген жоғарыдағыдай сұрақтар болды. Бұл сұрақтың жауаптарын ғаламтор беттеріндегі арнайы гинеколог –маманның берген жауабымен дәлелденіп оқушы қыздарымызға жеткіздік. Мысалы: 
Бірінші сұрақтың жауабына берген гинеколог маманның берген жауабы мынай деп:

       Негізі қыздарда 10-12 жаста алғаш рет етеккірі келеді. Демек, бұл уақыт олардың бойжеткендігінің белгісі. Етеккір келгенде не істеуі керек? Тазалықты сақтаудың алғы шарттарын қызына ең алдымен анасы, жеңгесі айтып түсіндіргені абзал. Ал 13-14 жаста жасөспірім қыздың гинеколог дәрігерге келіп, профилактикалық тексеруден өтуі міндетті. Бұл қабылдауды дәрігер қыздың қасында тек анасы 
болғанда ғана жүргізе алады. Бұл не үшін керек? Қыз баласының гинекологиялық ауытқуларын ерте жастан анықтап, дәрігерлік кеңес беру үшін қажет. Сондай-ақ, қыздың гинекологиялық тұрғыда қандай да бір шағымдары болса, анализ талдамаларын алып, зерттеуге жібереміз. Нақты мамандардың жауаптарымен дәлелді түрде беріліп отырды. Мектебіміздің медбикесі: Индира Булекбаева : оқушы қыздарға жүктіліктен қалай сақтануға болады; оны болдырмаудың жолдары туралы; ерте  жүктіліктің еш жақсылыққа әкелмейтінін айтып жеткізуге тырысты

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 05.04.2019 15:23
Құрылған күні: 21.08.2022 17:11

Текст