Жақында Шағалалы орта мектебінде жоғары
сынып оқушылары арасында «Армысың алтын күз» кеші болып өтті. Кеш мынадай
бөлімдерден тұрды.
1.Сәлемдесу
2. «Білгенге маржан» үш сұрақтан тұратын
күз тақырыбына байланысты билет түрінде тапсырма;
3. «Күзгі фантазия» қол жетімді
заттардан ( жапырақ, шишка, кішкентай жемістер, желім) өз фантазиясы бойынша
фигуралар т.б жасау;
4. «Жарнама» бұл бөлімде оқушылар
берілген көкөністі, жемісті өз қалаулары бойынша жарнамалау;
5. «Берекелі дастархан» әр топ берілген
жемістерден, көкөністерден ортаға шығып тағамдар әзірлеу;
6. Үй тапсырмасы «Шығармашылық
қабілеттер» әр топ өздерінің шығармашылықтарын көрсету.
10 «А», 9 «А» сынып оқушылары кештің ұйымдастырушылары болды. Шараға
жан-жақты дайындалып, зал безендірілді. Оқушылар кешті есте қаларлықтай етіп
өткізуге тырысты.
Балалар «Армысың алтын күз» кешіне белсене қатысты. Бағдарлама өте
қызықты болды. Жоғары сынып оқушылары берілген тапсырмаларды жақсы көңіл-күймен
орындады.Әдемі безендірілген зал шара көркін аша түсті. Өздерінің
біліктілігін, талғамдарының жоғары екендігін дәлелдей білген оқушылар сайысы
көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Әсіресе
11 «А» сынып оқушыларының үй тапсырмасын өте жақсы көрсетті.Ең соңында
қорытындысы шығарылып, оқушылар грамоталармен марапатталды.