Шағалалы орта
мектебіндегі «Адал ұрпақ» клубының орындаған
жұмыстарының есебі
Мектеп ішінде «Адал ұрпақ» атты сыбайлас-жемқорлыққа қарсы тұра алатын, бойында рухани –адамгершілігі, патриоттық сезімі бар жастарды тәрбиелеу мақсатында құрылды. Клубтың ең алғашқы жұмысы оқушыларды клубтың мақсатымен, алдына қойған міндеттермен таныстырып, жоспар құрылды. Оқушылар сыбайлас жемқорлық бойынша шығарылған заңмен таныстырылды. Мектеп ішіне қойылған «Сенім телефоны» туралы ескертулер жасалынып, оқушыға өздерін ойлантып жүрген мәселелерденн шығар жолды сол жәшік ішіне салған сауалдарға жауап беру барысында таба алатындықтары айтылды. Жоғарғы сынып оқушыларымен «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен бопсалауды болдырмаудың алдын алу» тақырыбында әңгіме сағты өтіп, оқушыларға заңның қаншалықты адам өміріне қажеттігі барлығын, адами қасиеттерден ада болмау керектігін айта отырып ,оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке шақырып, өмірден дәлелдер келтіріп , ақпарат бере отырып, әңгімелестік. Екінші бір істелген жұмыс «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» деген сұраққа жауап іздедік, сауалнама алдық. Оқушылар алдында сынып жетекшілер осы жайлы ақпарат бере отырып, бала ойы тыңдалды. Олар алып келген ақпараттар ортаға салынды. Оқушылар сыныптарында суреттер сайысын ұйымдастырды.
29 қараша күні 9 – 11 сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу біріңғай сағаты» атты іс-шара өткізілді. Бұл шараға 27 оқушы қатысты. Бейне ролик көрсетілгеннен кейін оқушылармен тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап әңгіме және талқылаулар жүргізілді.
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда.
Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе. Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал, жастар оны
сақтамаса және өзінен кейінгілерге тапсырып кетпесе, біртіндеп ұлттың атауы да өшіп жоғалмақ.
Бүгінгі жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын білуге тәрбиелеуге бүгінгі педагогика ғылымдарының алдында тұрған зор міндеттердің бірі. Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Сонымен қатар өз елінің рәміздерін, Ата заңын білуге, әрі құрметтеуге әрбір азамат міндетті. «Бүгінгі өскелең ұрпақ нағыз білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлт жанды азамат болуы керек», – деп атап өтті ел Президенті Н.Ә.Назарбаев.
Кез келген ұлтты қалыптастыратын орта-оның ұлттық мектебі. Сондықтан қазақ мектебінің тағдыры – ел тағдыры. Ұлтымыздың болашағын ойлаған алаштың ардақтылары мұны әрқашан ескеріп отырған. Қазақ халқының ұлы перзенті Мұстафа Шоқай «Ұлттың мәдениеттен жұрдай рухпен тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жақтайтын пайдалы азамат шықпайды»-деп, ұлт болашағын ұлттық мектепте, ұлттық рухта тәрбиелеу керектігін көрсеткен.
Сөз соңында айтарым, қазіргі кезде «Жастар – еліміздің болашағы» деген қанатты сөзді жиі айтамыз. Ал, сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі қызметімізді қалай атқарып жүргенімізге тікелей байланысты. Ендеше мына өтіп жатқан жаһандану, ғаламдану үрдістеріне жұтылып, ұлт ретінде жойылып кетпейік десек ұлымызды рухты, қызымызды ғұрыпты етіп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелейік дегім келеді.
Мектебімізде 17. 04 күні «Адал және сатылмайтын еңбек» тақырыбында суреттер сайысы өтті. Сайысқа 3-6 сынып оқушылары қатысты.
Жақсы салынған суреттер бағаланып, мектеп жиынында марапатталды.
- 18 қазанда 9-11 сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлық туралы не білеміз?» тақырыбында эссе жазу байқауы өткізіліп, жақсы жазылған жұмыстар әділ қазылар анықтап, мадақтама тапсырылды.(40 оқушы қамтылды)
-19 қазанда 8-11сыныптар үшін, жасөспірімдер арасында заң нормаларын түсіндіру негізінде мектеп инспекторымен бірге «Мектеп жемқорлыққа қарсы» тақырыбымен сынып сағаттары өткізілді.(198 оқушы қамтылды)
- 5-10 сыныптар арасында ерікті «Адал Ұрпақ» клуб ұйымы құрылды.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілікті қалыптастыру негізінде «Парасатты азамат» бұрышы жаңартылды.
-10.11.2018 ж 9-11 сыныптар арасында «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында практикалық пікірталас өткізілді. Сынып 2 топқа бөлінді.
І топ: «Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік», ІІ топ: «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның және мемлекеттің мемлекеттік қызметшіге артқан сенімін кетіру» туралы талдады. Пікірталасты тарих пәні мұғалімдері Нурмухан Г.А.жүргізді. (87 оқушы қамтылды)
- «Біздің таңдауымыз- заңды мемлекет» айлығы барысында 16.11.18 ж
1-4 сыныптар арасында еліміздің сайлау қағидаттарына сәйкес «Сынып басшысын сайлау» тақырыбымен сюжеттік-рөлдік ойынын өткізді.(115 оқушы қамтылды)
- 5-8 сыныптар арасында «Мемлекеттік қызмет - өмірлік ұстаным» сынып сағаты өткізілді. Жауаптылар 6А сынып жетекшісі Дюсенова Г.К., 8А сынып жетекшісі Бегалина А.С.. (65 оқушы қамтылды)
- 23 қарашада ерікті «Адал ұрақ» клуб мүшелерімен 9-11 сыныптарарасында «Біздің таңдауымыз - заңды мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Ісшараның мақсаты: ҚР құқықтық мемлекет екендігін сипаттау, талдай алуға, өз ойын еркін жеткізуге, қорытынды жасай алуға баулу. (67- оқушы қамтылды)
- 29 қарашада мектепте «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» 1-4 сынып оқушылары арасындағы суреттер көрмесі байқауы өткізілді және көрініс қойылды. (129-оқушы қамтылды)