Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Шағалалы орта мектебінің белсенді оқушыларын «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына қабылдау салтанатты жиынының есебі.
Шағалалы орта мектебінде бүгін яғни 2019 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің қарсаңында Республикалық біріңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына озат және екпінді, қоғамдық жұмыстарда белсенді, республикалық, аудандық және мектепішілік жарыстардың жүлдегерлерін қабылдау салтанатты жиыны өтті.
Жиында 1991 жылы Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялағаны туралы, биыл тәуелсіздігімізге 28 жыл толып отырғанын, 1986жылғы желтоқсанның 16-сы қазақ тарихындағы ұлы күн – «Желтоқсан оқиғасына» 33 жыл болғандығын атап өтіп, желтоқсан құрбандарын еске алуға 1 минут үнсіздік жарияланды.
Республикалық бірлестік «Жас ұлан» ұйымына қабылданатын оқушыларды мектеп директоры Айткужин Алпамыс Қурманғалиұлы, мектебімізге қонаққа келген Зеренді аудандық білім бөлімінің басшысы УайсовЖангелді Өсімжанұлы, Шағалалы ауылдық округының әкімі - Дүйсенов Болат Қожмұхамматұлы құттықтады. «Жас ұлан» ұйымына қабылданатын оқушылардың галстуктары мен төсбелгілерін тағу рәсімі мектеп директоры Айткужин Алпамыс Қурманғалиұлына, Зеренді аудандық білім бөлімінің басшысы УайсовЖангелді Өсімжанұлына, Шағалалы ауылдық округының әкімі - Дүйсенов Болат Қожмұхамматұлына, оқу тәрбие жөніндегі орынбасар – Усенова Күлшира Қайырбекқызына, тәрбие ісінің орынбасары Қажығалиева Гульнафис Башариновнаға берілді. Мектебіміздің «Жас ұлан» ұйымының президенті Абуталипова Айбота Жас Ұландықтардан ант қабылдау рәсімін өткізді. Жас Ұлан ұраны айтылып, әнұраны шырқалды.
Бүгінгі күні мектебіміздің 26 белсенді оқушылары «Жас Ұлан» қатарына, 24 белсенді оқушылары «Жас Қыран» қатарына қабылданды.
Ана тіліміз, Ата заңымыз, Елтаңбамыз, Туымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңызға сеніміміз мол. «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылданған оқушыларымыз осы ұйымға лайық деп санаймыз. Жасұландықтарға шығармашылық табыс тілейміз. Тәуелсіз елдің азаматтары!
Шағалалы орта мектебінің аға тәлімгері Шаденова Г.Б.