Текст
16.02.2023 ж "Ашық есік" күніне орай мектептерге бару кестесіне сәйкес Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері мен "Шағалалы ауылының ЖОББМ" КММ-нің мұғалімдері "Қызылегіс ауылының негізгі мектебі" КММ-не барды. Мұғалімдердің сабақтарына қатысып, құжаттарын қарады. Қаралған құжаттардың қорытындысы бойынша тиісті әдістемелік ұсынымдар берілді.