«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Шағалалы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Шагалалы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны

08.12.2017

Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа

мазмұны 

Бүгінгі  таңда  елімізде  білім беру

мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы  Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір

«білім – ғылым - инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге

қарай бағыт алып барамыз», - деген болатын.  Ендеше, еліміздің әлемдік

үрдістерге енуі   білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту

қажеттілігін арттыруда екені түсінікті.

  Қазақстан

Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру

үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты

Көкшетау қаласында «Өрлеу» БАҰО АК филиалы Ақмола облысы бойынша ПК БАИ

орталығының ұйымдастыруымен 20 қараша мен  09 желтоқсан аралығында 

қазақ тілі мен әдебиеті  пәні

бойынша  педагогика кадрларының жаңартылған бағдарлама бойынша

біліктілігін арттыру курсы өтті.

ҚР-ның

педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған  курс бағдарламалары, білім беру жүйесінде

педагогтар алдына жаңа міндеттер қойып, оларға  үн тастады  десек те

болады.  Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі

мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Негізінен жаңартылған білім жүйесі

құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің

маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра

отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ

–ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс

жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты

қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту

әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді

стратегиялары) үйретеді.  Жаңартылған білім беру бағдарламасының

ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. 

Курсқа алғаш келген күннен бастап, көкейімізде жүрген

көп сауалдардың жауаптарын алдық, жалпы білім беру мазмұнының өзгешелігімен,

ерекшелігімен таныстық. Біз осы оқу барысында қазақ тілін жаңа мазмұнда оқыту

бойынша дәріс - тренингтер тыңдап,  жаңартылған білім беру бағдарламасының

құрылымын, мақсат - міндеттерін түсініп, осыған сәйкес педагогикалық тәсілдерді,

білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуде критериалды бағалау

жүйесін қолдануды үйрендік.  Орыс тілді мектептерде қазақ тілін

оқытуда  оқушылардың бойында тілдік құзіреттіліктерді

  қалыптастыру бойынша қолданылатын белсенді оқыту стратегияларымен,

аудармасыз оқытудың тәсілдерімен таныстық. Тек танысып қоймай, тәжірибе

барысында іске асырдық, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар, сабақ жоспарларын

әзірледік. Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде негізге алатын 3 құжатпен – Оқу

бағдарламасы, оқу жоспары және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

жинағымен танысып, жұмыс жасадық. Мұндағы жаңа оқу бағдарламасының

ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында, яғни

ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат

және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің

біртұтас бейнесі); рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту.

Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған

мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны

(тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз:

«Ыстық орындық», Сана саяжолы», «9 ромб», «5 қадам», «Драма әдісі», графикалық

органайзерлер – «Дара диаграмма», «Қос диаграмма», «Хикая картасы», «Эмоция

кестесі», т.б.

Курстан өте көп жаңалық, білім алдық. Осы курсты

ұйымдастырған «Өрлеу» филиалының директоры Е. Исимбаевқа шығармашылық табыс

тілейміз. Біздің білімге деген құштарлығымызды арттырып, дәріс берген

тренеріміз Жамантаева Жанар Катайқызына  айтар алғысымыз мол! «Жақсы адам

ғана жақсы басшы бола алады», -деп Жүсіп Баласағұни бабамыз айтып кеткендей,

жаттықтырушымыз бізге өте әділ, мейірімді, білімді, алғыр басшы бола білді.

Алдыңғы білімді өткен біліммен салыстыра, ұштастыра отырып, түсінбегенімізді

қайта түсіндіріп, әр тыңдаушының санасына жеткізе алды. Курс аясында

білімімізді одан әрі шыңдай түстік, әр сабақ тартымды, қызықты өтті.

Қорыта

айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын

қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана

білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына

құрылған.  Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында

табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз

еңбектену керек.  Үйренгеніміз де,

үйренеріміз де көп.

Жаңартылған

білім – болашақтың кепілі.

Просмотров: 423

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст