Текст
"Шағалалы ауылының ЖОББ мектебі" КММ 25 қазан - Республика күні мерекесіне арналған «Мен елімнің Ұланымын» атты «Жас Ұлан» Республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдауға арналған салтанатты іс-шара өткізілді. "Жас Қыран" қатарына 2-4 сынып оқу озаттары, қоғамдық іс-шаралардың және мектептің белсенді оқушылары, олимпиада, байқау және спорт жеңімпаздары, яғни Отанының партриоттары қабылданды. Аталған шараның негізгі мақсаты: жас жеткіншектердің бойына патриоттық сезімін ұялатып, өз Отанын сүюге, мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге баулу.
Жауапты: аға тәлімгер Шаденова Гульмира Базарбаевна