«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Шағалалы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Шагалалы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Рухани жаңғыру "Халқым менен де биік"

28.04.2020

 

Рухани жаңғыру


                           "Халқым менен де биік"
 

"Қаныш Сәтбаев – халқының ұлы баласы,

                                                 кемеңгер ғалым, белгілі инженер.

                                                           Қанекенің өмірлік жолы өз елін жақсы

                                                            көрудің және ынтамен беріліп қызмет

                           етудің үлгісі болды".

  Қазақстан Республикасының

                                                               тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық

музейіндегі пікірлер кітабы жазбасынан             

                                                                                                                    Баянауыл

      Қазақ халқының қазіргі жас ұрпақтың жарқын өмірі үшін  ерен еңбектерімен тарихта есімдері алтын әріппен жазылған ұлы тұлғалар баршылық . Солардың бірі –Қаныш Сәтпаев.

   Болашақ ғалым Павлодар облысы Баянауыл ауданында  Имантай бидің  отбасында 1899 жылы 12 сәуірде дүниеге келген .Азан шақырылып қойған есімі Ғабдул-Ғани, анасы Әлима  еркелетіп «Ғаниым»,  «Ғанышым» деп атаған содан Қаныш аталып кеткен. Қаныш жастайынан өте зерек , білімге құштар болған. Алғаш сауатын ауыл молдасынан ашқан , содан ауыл мектебінде, Павлодардағы  орыс қазақ мектебінде , есейе келе Семей семинариясында , кейіннен Томс технология институтын бітіреді.

  Сонау аумалы –төкпелі заманда еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған, халқының көзін ашып, көкірегін оятуда ерен еңбек сіңірді.  Алаш арыстарының мақсатын бірден бір жалғастырушы және дамытушы тұлға. Мектеп оқушыларына арнап «Алгебра» оқулығын дайындауының өзі –ұлттың болашағын ойлауының дәлелі болса керек.

    Бала Қаныш туған жерінің  тау –тасына қызығушылығы, оның жұмбақ сырын білуге деген ынтызарлығы  Томскідегі технологиялық институттың  тау- кен факультетін бітіргеннен кейін жандана түсті, бүкіл өмірін Қазақстанның жер қойнауын , қазба байлығын зерттеуге арнады. Қазақтың елі малға бай болса, жер қойнауы кенге бай екенін бүкіл әлемге  таныта білді. Жезқазған кені туралы зерттеулерінің , оның ірі мыс кенді аймақ қатарына жататынын дәлелдеп беруі-ғылым саласындағы үлкен жаңалық болды. Минералдық шікізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, қара алтынды Қарағанды , темірге бай Қаратау аймақтарын зерттеп  ол аймақтарға ірі кен орындарын салуда, Ертіс –Қарағанды су арнасының салынуы, ғылыми  зерттеу орталықтарының ашылуына сіңірген еңбегі ұшан –теңіз. Жезқазған мыс кен орнының қоры бұрынғыдан әлде қайда көп екенін дәлелдеді. Осы жаңалығы үшін 1940 жылы КСРО жоғары мемлекеттік наградасы –Ленин ордені берілді. Кейінірек  ғалымға тағы төрт орден табыс етілді .

   Сонымен қатар Қазақстанның жас ғалымдарын қалыптастырып, олардың тәрбиешісі, ақылшысы бола білді.Ұлы Отан соғысы жылдарында танк бронын құюға қажет марганец тапшылығы туған кезде Қаныш ағамыздың жетекшілік етуімен өте қысқа мерзімде Жезді марганец кені барланып, іске қосылған.Қиян кескі майданда жеңіске жетуге жол ашқан ғалым ағамыздың ғылымға сіңірген еңбегі, әскери ерлікпен пара- пар. Соғыстан кейінгі жылдары елдегі ғылымда жүрген адамдардың басын қосып , Қазақ ғылым академиясын құрды.1946 жылы ашылған Қазақ КСР ғылым академиясының алғашқы президенті болып Қаныш Сәтпаев сайланды.

    1947 жылы наурызда Қаныш Сәтпаев КСРО жоғарғы кеңесінің депутаты ретінде Лондонда Уинстон Черчилльмен кездеседі, сол кезде саясаткер одан «Өзге қазақтар да  сіз сияқты бойшаң ба?» деп сұрағанда академик: «О не дегеніңіз, Черчилль мырза , олай емес, мен қазақтардың ішіндегі ең кішкентайымын! Халқым менен де биік» деп жауап берген екен. Ойы мен  ісінде  тіпті қалжың сөзінде жүрегі әркез халқым деп соққан .Туған жерін шексіз сүйіп , оған шексіз берілген Қаныш Сәтпаев  осындай жарқын мінезді, біртуар азамат болған.                                                                                                                

   Ғалымның бар болмысы, жан талабы, азаматтық құштарлығы, ғылыми арманы барлық халықтардың өркениетті өмірге жету жолына арналды. Сондықтан да ол дүниежүзілік деңгейдегі ғалымдар қатарына қосылып, қазақ елінің маңдайына біткен шоқ жұлдызының біріне айналды.

 

 

                                    Зеренді ауданы

                                                                    «Шағалалы орта мектебі» КММ

                                      тарих пәні мұғалімі

Нурмухан Гүлжарқын Амангелдіқызы

Просмотров: 717


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст