«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Шағалалы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Шагалалы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өмірдің өзі – математика.

28.04.2020

                                      Өмірдің өзі – математика.

                                    Барлық өнердің музыкаға тартылғаны сияқты, барлық ғылым математикаға ұмтылады.           (Джордж Сантаяна)

 

     Мектепте математика пәні - оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, өз бетінше ізденісін қалыптастыруда ерекше роль атқаратын пәндердің бірі. Алайда, кейбір оқушылар оны тез игеріп кете алмайды. Сондықтан да оқытудың түрлі әдістерін таңдап, оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыту керек. Ол үшін ең алдымен пәнге деген қызығушылығын арттыру керек. Сол себептен математиканы әрбір ұғымдарын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып , тиімділігін дәлелдеуге тиіспіз.

Сабақтарды өмірмен байланыстырып жоспарлау, өтілген тақырыптарды қайталап пысықтауда және тарауды қорытындылауда тиімді болып табылады. Бұл сабақтарды өткізерде, өмірдегі оқиғалармен байланыстыруда оқушылардың жас ерекшелігін ескерген жөн.

   Математикалық пәндер бағытының арасында кең интегративті мүмкіншіліктерге математикалық логика ие болады, өйткені жүйелі түрде ойлау, дәлелді ойлау, болжамдар жасау, жоққа шығарулар өздігінен келмейді – бұл іскерлікті логика ғылымы дамытады. Сондықтан әмбебап қолдануына, қызықтылығына байланысты, математикаға нақты мысалдар көрсету қажет. Кейбір тақырыптарды оқушылар өздеріне қажетсіз деп санайды.

     Мысалы «Пайыз» деген тақырыпты алсақ, ол ұғым қазіргі таңда кез-келген салаға өте қажет. Ол үшін әр саланы жіктеп, қалай қолданылатыны көрсетіледі. Бұл тұрғыда мектептегі білім сапасының пайызы туралы (әр тоқсандар бойынша салыстырып), өз сыныбының үлгірім сапасын өткен оқу жылымен салыстыра отырып , сондай-ақ сыныпта спортқа бейім оқушылар қанша пайызды құрайды деген сұрақтарға жауап беру арқылы жақсы түсінік қалыптастыруға болады.Сондай-ақ «Диаграмма» тақырыбын өткенде әрқайсысы өз жанұяларындағы адамдардың жасының, бойларының немесе киетін киім өлшемдерінің диаграммасын салып келуді тапсырамын. Сандардың арифметикалық ортасын табуды үйренгенде төмендегідей логикалық есеп қарастырдық:  Футбол алаңындағы бір команданың ойыншыларының орташа жасы 29 жас. Бір ойыншыны ойыннан шеттеткеннен кейін қалған он ойыншының орташа жасы 30 жас болды. Шығып қалған ойыншының жасы нешеде екенін анықтайық.(Жауабы:19)

Сол сияқты «Аудандар» тақырыбында өз бөлмелеріне қанша орам түсқағаз керек екенін есептеу немесе еден қаптағыштан қанша кв.м. қажет болатынын есептей алатындарына көз жеткізді.

Киім тігуде ең қажеттісі , ол адамның өлшемін дұрыс есептеп алу. Ол үшін тағы да математиканы білуіміз керек. Өлшем бірліктерсіз тігін саласын да елестете алмаймыз, Себебі метр,сантиметр, миллиметр өлшем бірліктері қолданылады. Яғни метрді сантиметрге, сантиметрді-миллиметрге айналдыруды білгеніміз абзал.

Біз өзіміз тұрған жерден кез-келген ауылға, қалаға бару үшін қолымызда атлас картасы болса жеткілікті. Математикадан масштабты білсек, баратын жеріміздің (нүктеміздің) неше километр қашықтықта орналасқанын өзіміз тауып аламыз. Тіпті бұл үлкен кісілерге көп көмек болатыны сөзсіз.

Бөшкелерге су құю үшін, оның көлемін білу қажет. Онда математиканың саласы геометрияны да оқуымыз қажет екен.

Оқушылардың математикаға деген тартылысын күшейту үшін әр сабақтың  5 минутын математикалық ойындар мен фокустарға арнау да тиімді әдістердің бірі. Әсіресе  5- 6 сыныптар үшін қызықты болған кейбір логикалық тапсырмаларды көрсетейін .

1.«Еселік» ойыны
6-7 оқушы щеңбер жасай айнала тұрады. Бірден бастап санай береді 1,2,3,..4,5,... тек үшке бөлінетін сан кездескенде оны атамай «еселік» деп өту керек. Жаңылысқан бала ойыннан шығып қалады да, қалған балалар әрі қарай жалғастырады. Қателеспеген бала ойын соңында жеңіпаз атанады.

2.Тек қосу таңбасын пайдаланып, сегіз-сегіздіктен 1000-ды құрастыру керек.
Жауабы:

(888+88+8+8+8)

3.Бір сан табыңдар, квадраты өзінің жартысына тең болсын!

Жауабы: 0,5

4.

1) Бір сан ойлаңыз!
2) Бұл санды 4-ке көбейтіңіз!
3) Оған 18-ді қосыңыз!
4) Шыққан санды 2-ге бөліңіз!
5) Нәтижеден 7-ні алыңыз! 
6) 3-ке көбейтіңіз!
7) 6-ға бөліңіз!  8) Баста ойлаған санды алып тастаңыз!

5.Мына 1888 санын екі бөлікке бөліңіз. Оның әр бөлігінде 1000 саны болатын болсын.    ( 1888 санын дәл ортасын сызықпен бөлу)

6.Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?

 Сондықтан математика қай салаға болсын, өте қажет ғылым саласы. Математикасыз өмірді елестету қиын, яғни өмірдің өзі математикасыз, есепсіз болмайтынын көрсетіп отыр. Математиканы күнделікті өмірдегі мазмұнды материалдармен байланыстыра отыра оқытудың нәтижелілігі оқып үйренуге қажетті практикалық материалдарды мектептің айналасындағы салалардан белгілі мақсатпен таңдап алуға тығыз байланысты.

 

 

 

 Дайындаған :

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Шағалалы орта мектебі КММ –нің  математика пәні мұғалімі Қисықбай К.

 

 

 

 

Просмотров: 575


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст