Семинарға «Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу және инновациялық қызмет бөлімінің басшысы Кожахметова Слушаш Тельмаевна ,Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің басшысының м.а. Рахимжанов Дастан Толыбаевич қатысты.
Мектеп оқушылары семинарға қатысушы қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынып, облыстық семинарды ашты. Ақмола облысы бойынша мектеп мұғалімдері үйірме жұмыстарын тиімді ұйымдастыру: іс-әрекет, тәжірибе, ізденіс», «Оқу-тәжірибе мен ұлттық спорт алаңы – тәрбие көзі» тақырыптарында жаңа заман баласының бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіре отырып, еліміздің патриот жастарын тәрбиелеуді мақсат тұтқан ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңы марапатқа ұласып, жақсы әсер, керемет көңіл-күймен аяқталды. Ұстаздардың ойына ой салатын, шығармашылығын шыңдайтын, ізденіске бастайтын, мектептегі жолға қойылған жұмысты одан әрі жандандыруға түрткі болатын осындай керемет жұмыстар, тәжірибе алмасулар,семинарлар жалғасын табатын болады.