Мен, Шағалалы ауылының ЖОББ мектебінен Ильясов Женис Габдрахманович сол жолдамалардың біріне ие болып, Сарыағаш ауданына қарасты «Салма-Караван» шипажайында ем алып, демалып қайттым.
Биылғы жазғы демалыстың менің денсаулығымды жақсартуға, демалысымды тиімді пайдалануыма әсері мол болды.
Оңтүстіктің жылы да шұрайлы таза ауасы, "Салма-Караван" шипажайының демалушыларға деген ықыласы менің көңілімнен шығып, маған ұнады! Демалатын орны мұнтаздай тап-таза, шипажайдың қызметкерлері қонақжайлы, ұсынылған тағамдары дәмді. Сонымен қатар киелі орындарға және облыс орталығының демалыс орындарында саяхаттауым маған керемет әсер сыйлады.
Осындай жазғы демалысымды тиімді өткізуіме мүмкіндік жасаған Зеренді ауданының Кәсіподақ ұйымына алғысымды білдіремін!