«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Шағалалы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Шагалалы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қалыптастырушы бағалау парағы нәтижелерін талдау

03.03.2017

Оқу жылы барысында оқудың  ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті  жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге

асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау(2 -сурет). Жиынтық бағалау өз

кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім

беру деңгейі  бойынша жиынтық бағалаудың

рəсімдерінен тұрады.

Бағалау тәсілдері критериальды

бағалаудың түрлеріне, пен мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін.

Қалыптастырушы бағалау

оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім

тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, бал

қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі.

Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны тузетуге

құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң

нәтижеге қол жеткізуіне  көмектесуге, дер

кезінде оқу үдерісін түзетуге  мүмкіндік

береді.

Жиынтық бағалау мұғалімдерге,

білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ

тақырыптар бойынша балл, баға қою  арқылы

белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі )

аяқталғанда өткізіледі.

Бұл белгілі бір кезеңде оқу

бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы жк не жиынтық бағалау  нәтижелерін мұғалімдер оқу үдерісін жоспарлау,

рефлексия жасау (1-қосымша), өзінің оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады.

Қалыптастырушы

бағалау үдерісі

Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен

білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу

жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей əсер ететін үдеріс болып табылады.

Тиімді оқыту мақсатында білім алушылардың

 оқу үдерісіндегі ілгерілеуін, ағымдағы

түсінік деңгейін қадағалау қажет. Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері:

·       

Оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін

анықтау, білім алушыларға ұсыну;

·       

Білім алушының қай деңгейге жеткенін

дәлелдеуге көмектесетін бірлескен (коллаборативті) оқытуға арналған орта құру;

·       

Білім алушыларды дамытуға жағдай жасайтын

сындарлы (конструктивті) кері байланысты қамтамасыз ету;

·       

Білім алушыларды бірін-бірі бірлесе

оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру;

·       

Білім алушыларға өзінің оқуын «құрушылар/жасаушылар»

ретінде жағдай жасау болып табылады.

Қалыптастырушы  бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болуы

тиіс, ол қосымша жаттығу немесе тестілеу жұмысы ретінде қарастырылмайды. Оқу

бағдарламасындағы бөлімнің əрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін нəтижелері

қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. Сонымен бірге

қалыптастырушы бағалау үдерісі стандартталмайды, яғни əр мұғалім өз бетінше

қалыптастырушы бағалауды өз тəжірибесі арқылы анықтай алады, оның нәтижесіне

қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады. Мұғалімнің іс-əрекетіндегі қалыптастырушы

бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:

·       

Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру жəне жоспарлау;

·       

Қалыптастырушы бағалау əдістерін таңдау;

·       

Қалыптастырушы бағалау нəтижелерін талдау;

·       

Кері байланыс беру;

Қалыптастырушы бағалауды

жоспарлау жəне ұйымдастыру

Қалыптастырушы бағалау

үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттарын қамтуы тиіс.

Мұғалімдерге көмек ретінде қалыптастырушы бағалаудың тапсырмалар жинағы дайындалған,

онда оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлері, дескрипторларымен бірге

тапсырмалар үлгілері берілген. Мұғалім қалыптастырушы бағалау үдерісінің тиімділігін

арттыру үшін жинақта берілген тапсырмаларды қолдануына болады. Одан басқа мұғалімдерге

қалыптастырушы бағалаудың құралдарын өз бетінше дайындауға мүмкіндік беріледі.

Ол үшін жоспарлау кезеңінде мұғалімге:

·       

Оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен

танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;

·       

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;

·       

Тапсырма құрастыру кезінде саралау

«дифференциялау» тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін «екі/қосымша»

ойлау дағдыларын деңгейлеріне бөлу;

·       

Бағалау критерийлеріне сəйкес тапсырмалар

құрастыру;

·       

Əр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін

сипаттайтын дискрипторлар құрастыру ұсынылады.

Мұғалім

оқу мəнмəтінін, өз білім алушыларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып,

тапсырмаларды іріктеп алады немесе құрастырады «1-кесте». Əр тапсырмаға дискрипторлар

анықталады. Бағалау кезінде мұғалімнің шешімі анық болу үшін тапсырмалардың  дискрипторлары дəл , нақты болуы қажет. Бұдан

басқа дискрипторлар білім алушыға тапсырманы орындауын қай кезеңінде қиындық

туғызғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен олардың

ата-аналарына сындарлы «конструктивті» кері байланыс беруге жағдай жасайды.

1-кесте «Математика» пəні

бойынша тапсырмалар үлгісі, 1-сынып

Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау,

ұйымдастыру бойынша дағдыларды жетілдіру үшін

мұғалім:

·       

Тапсырмаларды қолдана отырып, қалыптастырушы

бағалауды қолдану тəсілдерінің санын,сапасын арттыруы;

·       

Кері байланыс берудің тиімді формаларын

қолдануы;

·       

Қалыптастырушы бағалауды қолдану үдерісін

көрсететін сабақ жоспарын құруы;

·       

Тəжірибені жетілдіру мен рефлексия үшін (білім

алушылар жұмысының сапасы; бағалау құралдарының сапасы; білім алушылардың,

ұжымның кері байланысы; ата-аналармен əңгімелесу және т.б) сабаққа талдау жүргізу

қажет.

Күнделікті

тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы

бағалаудың түрлі əдістерін қолдануға болады: «Екі жұлдыз,бір тілек», «Қолмен

белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе»,

«Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар,

сұрақтар және т.б.

Қалыптастырушы

бағалаудың əдістерін оқу əрекеттерін ұйымдастырудың əр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру,

тапсырма орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады.

Жеке жұмыс кезіндегі

қалыптастырушы бағалау

Қалыптастырушы

бағалау білім алушылардың оқу əрекеттері нəтижелерін ұғынуға бірден-бір

мүмкіндік жасайды.Бұл олардың өз оқуын «құрушылар» ретінде жағдай жасауына мүмкіндік

береді, алған нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады.

Жеке

жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін мұғалім білім алушылардың

əрекеттерін жүйелі қадағалап және аралық нәтижелерді тіркеп отыруы қажет.

Нәтижелерді тіркеу кезінде білім алушылар жұмысының жақсы жағына да, нашар тұсына

да назар аударып отырған дұрыс.

Жеке

жұмыс нəтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен бірге жүргізуді есте

сақтау қажет. Сондай-ақ, білім алушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік беру

манызды болып табылады. Жұмысты əрі қарай жоспарлау кезінде білім алушылардың мүмкіндіктерін,

қажеттіліктерін ескерген дұрыс.

Жұптық жұмыс кезіндегі

қалыптастырушы бағалау

Жұптық жұмыс қалыптастырушы

бағалаудың тиімді формаларының бірі болып табылады. Жұптық жұмыста жалпы

мұғалім, жұптар бір-бірін және жұп ішінде бірін-бірі бағалауынша болады. Мұндай

өзара қарым-қатынас кезінде білім алушылардың дайындық деңгейін қарамастан

өзара көмегі, рефлекциясы өзің-өзі реттеуі белсенді байқала бастайды.

Жұптық

жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау кезінде білім алушылар

тапсырманы орындау, оның нəтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінуі

керек. Сондықтан оларды өз əрекетімен келісуге, өзара əрекеттесуге, пікір

алмасуға, сындарлы (конструктивті ) кері байланыс беруге үйрету маңызды.

Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы

бағалау

Қалыптастырушы

бағалау кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тəсілі ретінде

қолданып, топтық жұмысты ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау

критерийлерімен таныс болуы тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім əр топтағы білім

алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды : кейбір білім алушылар оқу

мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сəйкес тез көрсете алуы мүмкін. Мұғалім

ол білім алушылардың атын жазып алуы қажет.

Ірі

қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті сұрақтар қояды,

бақылайды, мысалы:

-

Бұл туралы сіз не ойлайсыз?

-

Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз ба?

Егер

білім алушылар тəжірибелік тапсырмалар орындайтын болса, онда осы тапсырмаға қатысты

сұрақтар болуы мүмкін, мысалы:

-

сіз қазір не істеп жатырсыз?

-

сіз қалай ойлайсыз, əрі қарай не болады?

-

осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?

Топтық

жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және əр жеке білім алушының жұмыстарын

бақылауы қажет. Топтарды бақылауды  тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе

жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім алушыларға:

·       

Жаңа идеяны тұжырымдауды;

·       

Екі(одан да көп) идеяларды салыстыруды;

·       

Идеяларды бағалауды;

·       

Топтық талқылау негізінде пікір білдіруді;

·       

Сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады.

Жоғарыда аталған бөлімдер

белгілі оқу мақсатына жетудің дəлелін көрсетеді.

Кері

байланыс беру

Кері байланыс сабақтың əр

кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара əрекет етуін

жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп , сабақты ірі қарай

жоспарлауға мүмкіндік береді. Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:

·       

Білім алушылардың жақсы жақтарын ескеру;

·       

Тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты

түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбау;

·       

Білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе

кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беру;

·       

Кері əсер ететін сөздерді, білім

алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны

ойлауға қалай ақылың жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбау ұсынылады.

Кері байланыс беру

кезінде мұғалімге де, білім алушыға да 2-кестеде ұсынылған сұрақтарды негізге

алған дұрыс . Аталған сұрақтарға толық жауап беру кері байлағыстың тиімділігін көрсетеді.

2-кесте.Кері байланыстың тиімділігін тексеру сұрақтары.

Төменде кері байланыстың мысалдары

көрсетілген (3,4-суреттер).

3-сурет.

А білім алушыға кері байланыс беру бойынша мысал

Жазбаша кері байланыс беруде

мұғалім А білім алушыны есепті дұрыс орындауға, өз қатерін түзету білуге

«бағыттайды».

4сурет.

Білім алушы Б-ға кері байланыс беру бойынша мысал

Бұл білім алушы Б-ға

берілген кері байланыс бойынша мысалда мұғалім білім алушының жақсы меңгерген  тұсына ақпарат береді және қатені түзету үшін

тақырыптарды қайталауды ұсынады.

Қалыптастырушы

бағалау нәтижелерінің талдауы

Қалыптастырушы бағалауды

ұйымдастыру кезіндегі маңызды кезеңдердің бірі-білім алушылар жұмыстарының нəтижелеріне

жүйелі талдау жүргізу үшін мұғалім арнайы құрастырылған бақылау парағын

қолдануына болады (5-сурет). Бақылау парағының үлгісі 3-қосымшада берілген.

5-сурет. Қалыптастырушы бағалау

нəтижесі бойынша бақылау парағы

Қалыптастырушы бағалау нəтижелеріне

талдау жасау білім алушыларға кездесетін қиыншылықтар туралы ақпарат алуға,

оның алдын алу шаралары туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы,

тексерілген жұмыстардың нəтижесіне талдау жасау:

·       

Белгілі бір тапсырмалар қиындық тудыратын

балалар тобын;

·       

Бөлім, тақырыптар бойынша қиындықтар туындайтын

жеке білім  алушыларды;

·       

Білім алушылар үшін аса күрделі, қиын

сұрақтар, тапсырмалар, тақырыптарды айқындап береді.

      Нәтижелерге талдау жасау мұғалімдердің

тәжірибесіне оң əсер етуі үшін:

·       

əрекет ету мен шешімді талап ететін нақты,

маңызды, тəжірибелік бағыттағы мәселелерді

анықтау;

·       

орындалған тапсырмалар мен нақты мақсаттарға

жету үшін талдау жүргізу;

·       

Талдауда дəйектерді, дәлелдерді негізге

алу;

·       

Шешімнің

сыни нұсқаларын қарастыру, яғни, мәселені шешудің жоспарлығын,

баламалылығын (альтернативтілігін), жетістігін, кемшілігін, жақсы жəне нашар

жақтарын талдау;

·       

Мәселені шешу, кемшілікті жою үшін өз тəжірибесін

нақты қалай өзгертуге болатыны туралы іс-əрекеттің толық жоспарын құрастыру;

·       

Талдау нəтижелерін тіркеуде қысқа, түсінікті

стильді ұстану (күнделік,портфолио, мақала, таныстырылымдар және т.б.);

·       

Ұжымда өз əрекеті нәтижелерімен бөлісу;

·       

Ұжымға көмектесу, білім алушылардың қажеттілігіне бағыттай отырып, сабақтастықты

сақтай отырып жүйелі талдау жүргізу ұсынылады.

Просмотров: 7051

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст